Posted in

КӨК ЕТІКТІ КЕЗДЕСПЕДІ (ТАБЫЛМАДЫ), КӨН ЕТІКТІГЕ БАРМАДЫ

Бай жігіт кездеспеді, кедейді менсінбеді. ~ Сөйтіп көк етікті кездеспей, көн етіктіге бара қоймай жүргенде Варвара кәртамыш болып қалады. Сол кезде әкесі өледі. Одан кейін Варвара туған үйінен тіпті кетпей, «кәрі қыз» болып отырып қалады. С.Мұқ. * «Отырып қалды. Көк етікті табылмайды, көн етіктіге бармайды. Енді сүйтіп жүріп «кәріқыз» атанады» деп өсектейтін. Шынарды аяйтын менің шешем ғана. Н.Сер.