Posted in

КӨК ЖАЛҚАУ

Шөп басын сындырғысы келмейтін еріншек, жатып ішер. ~ Хат бөлімі: «Әдебиет, өнер бөлімі шетінен көк жалқау, хат атаулыны тұздап-сөлдеп, алдын шірітіп жатыр»,— деп жарапазандап отыр. М.Қаб. ~ Өз еңбегімен күнін көре алмай жүрген көк жалқаулар қалайша байдың қатарына қосылады? Б.Тоғ. ~ Анау мал, мына дүние ақ, адал таза еңбекпен жиналған! Ал, тақыр кедей деп жүргендеріміз — өз бетінше шаруа істеп, дүние құра алмайтын ақылы аз, көк жалқаулар… Б.Тоғ.