Posted in

КӨК ЖҮЗІ

Аспан, көк әлемі. * Бұлт айықты, көк жүзі болды ашық, Бар нәрседен қайғы-мұң кетті қашып. М.Жұм. * Шаңқай түс. Көк жүзінде теңгедей бұлт жоқ. Күнгейінде көгілдірі сағым ойнаған жасыл белдер сонадайдан көз қуантады. Қ.Жұм.