Екпіні жойқын, дүлей күш. ~ Ошақ бағып омалып отырған көтерем шалдың көкірегіне бір көк жұлын дүлей кіріп кеткендей. Ә.Кек. ~ Ол кезде оны жолбарыстан да жүрегі шайлықпайтын нар тәуекел ғана билей алды. Одан кейін ол тап бергенге шап берген көк жұлын арландай намысқой болды. Ә.Кек.
- Езілген, ауыр жұмысқа салынған, қорлық көрген, әбден титықтап, әзер шыдап жүрген адам туралы. ~ Кеше сорлы көк жұлын Жамыраса, таптаса, Жаман тымақ, жалба жең Октябрьмен құрала, Өздері ие еліне, Өзінікі енбегі, Өзі қожа жеріне, Белсенгені біржола. І.Жан. ~ Ал Шәмелді ана Бәтен сияқты көне өмірдің көк кемпірлері «дінсіз коменест» деп ұнатпайды. Олар амалсыз бағынып отырған көк жұлындар. Біздерге үрке қарайды, – деп Тәкіш өз ойын тағы бір баян етті. C.Бег. ~ Бибіш апаң таңертең: «Онсыз да көк жұлын баланы жұмысқа салпылдатып сала бермей сөйлес былай ашылып. Онсыз да қам көңіл болып, тығылып жүр. М.Қаб.
- Ұзақ жолға, жортуылға лайық тұлпар. ~ Əңгүдігім, шалғыртым! Бұқа мойын, қабаным! Қарынды, жалпақ табаным, Көк жұлыным – қырсауым Керт басыңдай ойламай Кежегіңді кекшитпей Келелі жауға кез болдым; Келер болсаң, кел бері! Ж.Айм. ~ Қиырға салып шиырды, Жинап-теріп бір күнде Қуып кеттім үйірді, Көк жұлынды тағалап. … Көк жұлынға міндім де «Иә, сәт!» – деп жөнелдім, Қашқан ерде табан жоқ. “Көкмойнақтың үйірі”. ~ Сол екі арада көк жұлынды секіртіп Мамыт та келді. Әнетей жолға шықты. Шалдың ізінде шапаны жалпылдап Өмірқұл барады. Мамыттың сөзін құлағына қыстырған жоқ. З.Шүк.
