Өлермен болды; сілесі қатты, діңкесі құрыды, титықтады. ~ Күмісай сиырына қайта отырды. Маңайда тезектен түк жоқ, қайта– қайта жұмсайды… «Көк жұлын қып өлтіреді ғой» деп Ұрындық мыңқылдап, көзін басып, қабын иығына салып жөнелді. Уақыт намаздыгердің алды еді. Ж.Айм. ~ Мына діңкені құртқан дүкілді қайтеді — жігіттің қиналған жері осы. Көп дүкіл онсыз да жұқа жүйкеге қамшы үстіне қамшы. Жуықта пәтер беріледі дегелі жұмысқа ерте келіп, кеш қайтып, көк жұлын болып, кезге түсіп-ақ жүр. М.Қаб. ~ Көше-көше көк жұлын болып біттік қой. Тым құрыса қыста отыратын сен де осындай бір үй салдырсайшы, — деп Ажар бәйбіше де шалын қыспаққа алып жатыр. Қ.Жұм. * Көп дүкіл онсыз да жұқа жүйкеге қамшы үстіне қамшы. Жуықта пәтер беріледі дегелі жұмысқа ерте келіп, кеш қайтып, көк жұлын болып, көзге түсіп-ақ жүр. М.Қаб.
