Оқыстан құйып жіберетін қатты жауын. ~ Мөлдіреп күз тұнады, Ақ қайың сабағында Көк нөсер бұлқынады Қара бұлт
қабағында. Б.Райыс. ~ Көк нөсер жаңбыр тамшыларынан Су болмай қалай шығасың? Айнасыл айла жарқылдарынан Қу
болмай қалай шығасың? Б.Райыс. ~ Ол Алматының апай-топайын шығарып, күтпеген жерден көлдетіп құя салатын көк нөсері
секілді еді. Т.Жүсіп. ~ Қашпайды ырыздығың бұйырған бір, Пұшпақтың қолға тиген иін қандыр. Ойлама толастамас, тоқтамас
деп, Төбеңнен көк нөсердей құйылған нұр. Н.Айт. ~ Сен өмірге келген жер «Қызыл жыңғыл» қайда екен? Әлі де онда көк
нөсер, Шатырлаған жай ма екен? Ғ.Қай.
