Posted in

КӨК ТҮЙНЕК

Әлі піспеген, шикі. ~ Қалай түсіндірсем екен, ә?! Қарашы өзің, алма екі түрлі болады емес пе? Бір — әбден уылжып піскен тәтті алма, екіншісі көк түйнек, ащы. Сен қайсысын сүйіп жейсің? Ж.Шағ. ~ Тыңайтатын дүниелеріңді белшеден төгіп тастаймын… Қияр деме, көк түйнек деме сен оны — күтімді қажет етуі адамнан әрі… К.Мырз. ~ Жылына бірер мәрте қаладан әкелетін қарбызға, капустаға мәз боп жүргенде, бір жылдың ішінде көк түйнектің астында қалып едік қой. С.Сағ. ~ Садақа сол көк түйнектерiң. Сол құрғырларың болмаса да аштан өлiп жатқан жоқпыз. Балалар не бiлсiн?! Ойын баласына ойының осылсын дегенiң бе? Осылардан артылғанын жермiз, жемесе қалар. О, несi ей, – деп бұлқан-талқан болды. А.Мант.