Еңселі, тәуір үй. ~ Оның үстіне байдың болпаш баласы, сері жігіт болып, «көк төбел үйіміз бар, қаладағы перуайбаймыз» деп мақтанды. Соған нанып, Шəмші Тұмарбаймен қашып келген. Келсе – көк төбел түгілі, құба төбел үй де жоқ, боқтықтың арасында терезесі жылтыраған кең қора. Ж.Айм. ~ Алқам-салқам піл сияқты жаралы, Ауыр басып, қайда тартып барады? Көк төбел үй, жесір Зүлгүл, балсыра, «Кел мұндалап» неге күлім қағады? Д.Әб.
