Қасқыр. * Қалың топ құтырған қасқырлар, биыл отардағы жылқыны жеуге әбден құнығып алған қанішерлер. Үш ұялас қасқырлар тобы, үш көк шолақ арланына бастатып, ағыны қатты ақ қаншықтарына ілесіп, Бәйге жиреннің тобына құйындатып кеп араласты. М.Әу. ~ Соның артынан секіріп шыққан — көк шолақ. Ентіккен, көбік аққан тұмсығымен ақ қасқырды айнала иіскеп, әр жерін жалап алды. М.Әу. * Қоя берейін десем, қолға үйренген немені көк шолақ екі асап, бір қылғи салады. М.Қаб. ~ Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара ту биені иығына салып ала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. ҚЕ. “Қасқыр мен жігіт”.
- Ат. ~ Мінгенім астымдағы көк шолақ-ты, Жалы жоқ, құйрығы жоқ шоп-шолақ-ты. Ай, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт, Тұсыңа біздей құрбың келіп қапты. ҚАӘ. ~ Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі. ҚАӘ “Данагүл”.
