Қарны құнарсыз тамақ, құр судан ісіп кеткен бала. * Тамақты беріп-беріп балаңды қарнын қапақтай, бұтын таяқтай көк қарын, ши борбай қылма. Балаңды аурулы қылма. М.Жұм. * Ендігі көретін кезек Мешелдікі еді. Шайқор байғұс семіз көз бәйбішенің қой өткен құла суын тұқырайып тарта – тарта жоңышқаға кепкен сиырдай көк қарын болып домаланып қалыпты. Қ.Ысқ. * «Мына сорлының суатқа сұғынып тым тақау отырғаны – ай! — деп қынжылды, бұлақтың бойына итініп тұрған киіз үйге көзі түсіп, — күндіз-түні көк қарын болып су ішкен малға шыр бітуші ме еді? ~ Біз қара шай, қара нан, көк қарын болып, көже ішу дегенді білмейміз. Жейтініміз ылғи құрт-ірімшік, қазы-қарта, жал-жая, ішетшіміз езген құрт … Т.Жақып.
