Малдың түр-түсі, қылаң түсті қасқа ат. ~ Әже, батаңды бер! Тірі келсем, көзің көрер, өліп кетсем, қарызыңды кеш! Мына бір керей жігітті көрдің бе? Мен өліп кетсем, осыған көк қасқа дөненді бер! Осыны ұмытпа! Шәк. ~ «Ана Тырнауық байдың көк қасқасымен өкілді сыртқы ауылға апарып сал!» деп әкеме арнап жиі айтылатын тұжырымды бұйрықтардан ғана «е, бұл байлардың дүниесі екен ғой» деп шамалаймын. С.Шай.
- Күмістей таза, мөлдір сулы өзен, бұлақтың сипаты. ~ Жарқыраған, қызуы мол шағырмақ май күні мынау — Бөктер қызғалдақ атып, гүл шашып, көк майса шөбі иін тіресіп міне тұр. Мөлдіреп, жаудырап ағып жатқан көк қасқа бұраң су анау. Соны бөктер. Әлі қылшығы құрғамаған. Бір тал шөптің мұрты сынбаған деген осы-ақ.Ай, бірақ, көпірді кім біледі? М.Әу. ~ Құздың табанында жыландай ирелеңдеген көк қасқа өзен буырқана ағып жатады. ҚЕ. ~ Көккүмбездің төсіндегі күміс суы сылқ- сылқ күліп жататын көк қасқа бұлақтар; жазда саясы, қыста панасы мол, қалың қарағайлар… Ә.Әб.
- Әлдебір елеулі оқиғаға арналған құрбандық, құдайы тамақ, той. ~ Алғашқы татулыққа арналған көк қасқаның алды сол болған. Содан бері басшылар қырға қайтқан соң, қай болыста болса да, айт күні сияқты жақсылардың жапа-тармағай сабылуы басталған. Жағалай татуласу, бітімдесу, баталасу, үсті-үстіне ақсарбас, көк қасқа, бірінің үйіне бірі келіп түсу, ағытқан қойдай жамырасу. М.Әу.
