Posted in

КӨК ҚАСҚА АЙТТЫ

Құдайы берді; құрбандық шалды. ~ Бірін-бірі сыйласып, қонақ болысып, Абылай хан сонда бір көк қасқа айтып, сойдырып, басына қойдыратұғын тас қаздырды дейді. Абылайдың бағына шыққан тасты Самарқан жұрты: – Бұл баяғы Әмір-Темірден соң ешкімге шықпаған тас!- десіпті. Абылай хан батырларына рұқсат беріпті. М.-Ж.Көп. ~ Ұстап ап көк қасқа тай айтып шалды. “Ағалар, сойыңыздар мына тайды,- Деп жолда жеуге етінен азық алды. “Арқалық б.” ~ Қаратай ауылдары батырдың құрметіне Айбас тауының
етегіндегі көк жартастың түбiнe арнаулы сегіз қабат ақбоз үй тiгiп, жігі-жапар болып күтіп, көк қасқа тай айтып сойып, ат мінгізеді. Ж.Шәк.

КӨКҚАСҚА АЙТТЫ (ШАЛДЫ)

Құрбандық шалды. ~ Арада тағы да әлденеше көкқасқа айтып, күндіз-түн көл-көсір қып мал сойып, қалжыңға, күлкі айғайға, ән, жырға бөленіп, ұзақ қызық көріп жатты. М.Әу. ~ Мен бүгін «Қайрақтының» басқармасын көргенімді айттым. Айғырлары мен түйелерін мақтадым. Апам маған арнап алып қойған көкқасқа құнанын айтты. Ғ.Мүс. ~ Тәуелсіз ел болғанда, Тәубе, тәубе, тәубелеп, Көкқасқа шалып жолына, Шүкірлік еткен, қобызым, Күпірлік еткен, қобызым. Ж.Баб.