Posted in

КӨЛ ШАЙҚАДЫ

Дүние қызығын көріп, емін-еркін ғұмыр кешті; жастық дәуренін армансыз өткізді. ~ Сіз отырған дәл осы орында, сіздей болмаса да, өз заманында көл шайқаған бір сары торы келіншек отырған-ды. Ә.Нұрп. ~ Қаршығам қазға салсам қаз іледі, Жиылып қыз, бозбала бір жүреді. Құдай- ау, жас күнімде өлім берме, Көл шайқап, жем жейтұғын мезгіл еді. Т.Жұрт. ~ Енді баяу қоңыр дауысқа caп, жабырқау, мұңды әндерді айтты. Кезінде көл шайқаған Әлима едім, Қор болдым Қоңыраттың шабағына – деп, әлде бір заманда осы ел, осы жерде туыпөскен әнші, ақын қыз Әлиманың сонау «ат жетпейтін, атан жетпейтін» Қарақалпақ еліне көз асып кетіп бара жатқандағы зарын айтқанда әйелдер жағы көз
жасы кілкілдеп, мұңайып отырып қалды. Ә.Нұрп. ~ Кезінде көл шайқаған қайран қыз ендігі өмірінің бас билігін алыс жұрттан ат сабылтып келген әлде біреудін қолына беріп, елсіз, сусыз үстіртте қараңғы түнді жамылып кетіп бара жатқандай. Ә.Нұрп.