Posted in

КӨМЕЙІН (КӨМЕКЕЙІН) БІТЕДІ (ЖАПТЫ)

Үнін өшірді, ауызбастырық берді, аш құлқынын жапты. ~ “Махаббатты сатып алмақ болған ғой! ” “Бойы бір қарыс, сақалы қырық құлаш шал- шауқанның дәмесін қарашы!” “Мынау ақшамен біздің көмейімізді бітемек болған ғой!” C.См. ~ Ал, ақсақал, мынау торсықты басына кептеп жатқан Жақып деген ағамыз болады. Қозы қарнына құнан қойдың еті сияды. Осының көмейін бітейміз деп көшіңіздің соңынан қуа барғалы отырмыз. Қ.Ысқ. ~ Әрі кетсе қаратай баласы тіліңді тауып, көмекейіңді бітеп қойған шығар. К.Сег~ Ит-ау, ырбаңдап бос кайтайын демесең мыңды лақтыр да шалдың көмейін жап! — деді Бекет. — Бұл ақырғы шанс, әйтпесе дүниеден қатынсыз өтесің!.. Қ.Ысқ.