Ішкі ойын түсінді, сырын ұқты. ~ Мына жерден орын болмаса сіздің үйге де барып қалармыз… – Қонақтың көмейін таныды да, Қанат өз үйінің адресін айтты. Ғ.Сл. ~ Ертең сенің алысатын да, аңдысатын да адамдарың солар болады. Осы бастан сөздерін тыңдап, көмейін көріп, таныса бер, — нем аз бөгелді де. Қ.Жұм. ~ Сөз саптауынан білімдінің көмейін аңғардым, мен білмейтін біраз нәрсенің ұшығын тарқатады да үндемей тосады. Қ.Ысқ. ~ Шеге тергеушінің көмекейін түсінді. Оған керегі, Сұржекейге керегі, НКВД- ға керегі, Шегенің де шпион болғаны екен. С.Ел.
