Posted in

КӨМЕЙІН (КӨМЕКЕЙІН) ТЫҒЫНДАДЫ

Пара берді, ындынын жапты. ~ . ~ Анда- санда жоғары жақтың көмейін мол сыйлықпен тығындап қойып, өзін ен байлықтың ортасында қалағанынша жүзіп жүре бер. Қ.Жұм. ~ Сені не себепті жайбарақат жүргенің түсінікті маған. Басекеңнің көмейін тығындап қойған сияқтысың ғой!.. — деп, Мағашқа көзін сүзе, мысқылдай қарады. Ж.Мәк.

КӨМЕКЕЙІН ТЫҒЫНДАДЫ

Пара берді, құлқынын қандырды. * Оны енді мұнда емес, жолда айналдырам. Тәңірі бергенін алып кетпесе сәтін келтірермін. Малға бұрылатын болса, оның көмекейін тығындауға жетерлік ақшам бар. С.Мұқ.