Posted in

КӨМЕЙІН ТҮСІНДІ (ҰҚТЫ)

Не айтқысы келгенін түйсінді. ~ Көмейіңді түсіндім: жоғымды даулап, көшімді лаулап бермедің деп қиялап келіп тиіскелі отырғаның болыс қой. Болыстықты бұл сұрап алып па? Қ.Ысқ. ~ Еңсеп те анасының көмейін түсініп, өзінің шыннан да шаруаға қырсызданып бара жатқанын байқады. Ә.Кек. ~ Мен ешкімге бұл туралы тіс жарған емеспін… — деді Ботабай, Ғалия да күйеуінің көмейін түсінген сияқты: — Мен де! — деп күйеуінің бетіне тік қарады. Ә.Тар. ~ Ел ұстаған кәрі билер көптен бері соны ойлап күбірлесуші еді. Кәрі билердің арғы көмейлерін айтпай ұғып қойған жас нояндар құрықтарынан шығып кеткелі тұрған кешегі майбөксе жылы-жұмсақ ауылдарға: «Қап, бәлем, сендерді ме!» – деп тістерін қарш-қарш қайраулы. Ә.Кек.