Ерекше сұлулық туралы. ~ Бұның басын алдырған – Екатерина патша ханым. Екеуі де көрерге көз керек көрікті адамдар емес пе! Арт жақтағы қарт күрең кісі үйсін Оразкелді батыр. Ә.Кек. ~ Сол мезетте киіз үйден, құдай-ау, көрерге көз керек уыздай жас әйел заты жүгіре шығып, қылшылбырға буынып, үсті-басы топырақ болып жатқан түркіменді дауыс шақырып бас салсын. Н.Дәу. ~ «Екі қыз, бір ұлым бар дейді. Ертең анадай көрерге көз керек шешеге тартып туған екі сұлу қыз бой жеткен соң, ең бір құрығы ұзын, ең бір аузымен құс тістеген екі іргелі әулетпен құдандал болып алғасын, ол құтырмай мен құтырам ба! Ә.Кек.
