Ұзақ түнде көз ілмеді. * Тұңғиық ойдың тереңіне батып, шақшадай басы шарадай болып отырған Кетбұға қолбасшы көрер таңды көзімен атырды. Д.Рам. * Сонда да көз алдынан әлгі бейнелер бір кетпейді. Көрер таңды көзімен атырады. Ж.Сәм. * ..Үйге келгеннен соң кабинетке төсек салдырды. Бірақ ұйықтамады. Көрер таңды көзбен атқызған. Т.Әс. * От басының күңкілін жарастырар боқмұрыны жоқ үйдің екі – ақ басы – әйелі мен өзі, екі жерде бүрісіп жатып, көрер таңды көзімен атырар еді. C.См. * Кейбір түндері машахат түс көріп, ұйқысынан шошып оянатын, қайтіп көзі ілінбей, көрер таңды көзімен атқызушы еді. О.Бөк. ~ Содан оянып кетсе ұйқы жоқ, көрер танды көзімен атқызады. Қ.Жұм. ~ Дүрс-дүрс соққан жүрегі сабасына түсіп басылмай, көрер таңды көзімен атқызып отыра берді. К.Жүніст.
