Posted in

КӨРЕР ЖАРЫҒЫ (ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ)

Қалған өмір жасы, ғұмыры. ~ Ұлт дегенің де, Отан, Ел дегенің де мен үшін бір ұғым. Менің тілім — менің өмірім, көрер жарығым. Б.Қыд. ~ Егер әлі көрер жарығы қалса, қалған өмірде осыларды білу үшін ғана қыбырлап өмір сүру жараса ма? О.Сәрс. ~ Уақыттың дегеніне көніп, соның ығына жығылып, «көрер жарығыңды, берер ырысыңды ортайта көрме» деп аспанға алақан жайып, құрғақ қиялға беріліп, «бұтына толып, ісіп-кеуіп» жүрген бір жан жоқ. Қ.Жиен. ~ Бірақ көрер жарық сәулесі кем екен, шетінеп кетті. Әркім-ақ құдайдан баламның жасы ұзақ, тым ұзақ болсын деп тілейді да. Әйтпесе адамдар бала туып несі бар?.. Ш.Айт.