Posted in

КӨРЕР ЖАРЫҒЫ ТАУСЫЛДЫ

Ғұмыр жасы тәмам болды, ажалы таяды. ~ Қиындыққа беріспеуші еді, амал не, ажалына тура келген сайгез оқтан өмірі сарқылған болар, көрер жарығы, татар дәмі таусылған шығар. Б.Қыд. ~ Қайып сол кеткеннен Маңғыстауға қайтып оралмады. Көрер жарығы таусылмағасын тағдыр-қожайынның тартқан сыбағасын талшық етумен күн кешті. Ү.Жәл. ~ Қарақұсына мылтық кезенген түсі суық жасауыл төрдегі басшыға қарап, кірпік қақпай, үкім күтіп тұрған. Түгел де біткен жерім осы шығар деген. Бірақ, көрер жарығы таусылмапты. Ү.Жәл. ~ Бұл күнде көрнекті ғалым-ұстаз, профессор … көрер жарығы таусылмаса, 70 жасқа енді ғана толар еді. БАҚ