Бос кеуде, еш нәрсенің парқына жете алмайтын, ақылы шамалы адам туралы; санасыз, түйсіксіз д.м. * Күнде жанды сүгірет көрсеткенде, Қызылбике əйелдер арасында болып, сүгіреттің мəнісін түсіндіріп, бір жағынан əйел теңдігін құлақтарына сіңіріп, артта апа-жеңгелерінің көр көкірегіне шам жағып, көр көзіне нұр құймақшы еді. Ж.Айм. * Нұртай Тықыны алдап кетті. Көр көкірек батыр, қысылып кетсе, қазаққа ұстап беруден тайынбайтындай көрінді. Нұртай Хиуадан әскер әкелетінін айтпағанда, Тықы тірі айырылмайтын еді. Соның өзінде бір апта ұстады… З.Шүк. ~ Әсіресе, ұлынан айрылған ана зарын Аршагүл бар көкірегімен ұғынып, содан бері оның мұңына мұң қосып, қаралы көңілін жадыратардай әр кез қасында болып келген- ді. Сол көр көкірек жанның енді ойламаған жерден жат мінез, суық ызғарына жолыққаны ғой. С.См.
