Posted in

КӨШ БОЙЫ (ОЗЫҚ)

Едәуір алда, артықшылығы мол д.м. ~ Арба селкілдеп бара ма, ол селкілдеп бара ма, кім білсін. Өкпем өшіп мен келемін тақымдап. Арба бір ұзап, бір жақындап көш бойы кетіп барады. Қ.Ысқ. ~ Газет бетінде ол көтерген сан проблемалар бүгін де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл ретте Оралхан қалам тартқан жігіттерден алдына жан салған жоқ, көркем әдебиетте де замандастарынан көш бойы озық жүрді. Қ.Ысқ.