Posted in

КӨШ БОЙЫ ІЛГЕРІ (АЛДА, ОЗДЫ)

Айтарлықтай озып кетті. ~ Тарихи тақырыпты бейнелеу жағында Мағаздың үзеңгілестерінен көш бойы ілгері екенін бәріміз де мойындаймыз. Ж.Шәк. ~ Оқушы мұны әлі түсініп болмаған кезде сен олардан көш бойы алда жүресің. Э.Хэм. ~ Жастарымызға осы індетті жүқтырып алудан сақтансақ деп жүргенде салиқалы ойларға барудан көрі пайғамбар жасына келген немесе одан көш бойы озған ақ сақалды ағалардың әдебиеттік мәселемен емес пендешілікпен ортаға шығуы кісіні қынжылтады. Ж.Шәк.