Көшіп бара жатқандарға игі тілек. ~ Қасында бір-екі әумесер жігіттері бар, көшін жанамалап салт келе жатқан Еменалыға Шондығұл сәлем берді: — Көш көлікті болсын! — Сенен көлік сұрай қоймаспын! Ғ.Мүс. ~ Ал мына біз жау тигендей үйді сыпыра жығып, үйелменін алғызбай сыдыра көшірген көшіміз «көш көлікті болсын!» көші емес, ақтабан шұбырындыны еске салып тұрғандай еді. Б.Қыд.
