Анағұрлым алда; бір саты жоғары; әлдеқайда озып тұр д.м. ~ Ал, қазір Боранқұл Мақатай ағасы суреттеп берген арулар өлшеміне салса Нәзилә Зипәгүлден көш ілгері жүрген сияқтанады. Ғ.Біл. * Мал-мүлік тұрғыдан өзі тұрғылас саудагерлерден көш ілгері болса керек. “М.б.Т.” * Айтып-айтпа, Алшағырдың күні бұған қарағанда көш ілгері… Қамшы сабындай қысқа өмірде бір рет қателесіп тиісті жазаңды аласың. М.Қаб. ~ Саяси шолушыдан әсіре әуей сөздерін санайды көш ілгері, шолушысы — аяқтың, балтырлардың барып тұрған «интернационалистері». К.Мырз.
