Мақсат тұтты. ~ Ноқта өзінің басын қысып жүргендей қиналған ол, ақыры атақты емші Қалдыбайды шақырып, көңілге алған жұмысын сәтті аяқтады. М.Алм. ~ Бисмилла, аман болсын бүкіл халық, Бір ертек жазайын мен көңілге алып. Жүністің әңгімесін баяндайын, Тыңдаңыз, естіген жұрт, құлақ салып. “Жүніс жетім”.
- Ренжіді, кектенді. ~ «Өкімет адамының» үлкендерді елемей, әдептен озып, орнынан бұрын тұрып кеткенін көңілге алған үйдегілер бір-біріне қарады да, үндемей отыра берді. Б.Тоғ. ~ Асықтырма, жаратқан. Ай-күнін толтыра гөр! – деп сарнай жөнелді. – Өзің де бір жамансың, əрнені көңілге аласың. О несі-ей, тағы шала туайын деп жүрсің бе? С.Досж.
- Ой елегінен өткізіді, жадына бекітті. ~ Жортар ескінің шын сарқыты деседі. Қасымыздағы екі-үш кісімен дөң басына келіп отырған соң, көңілге алған тілекті айттық. М.Әу. ~ Көңілге алған, тура деп таныған ойын бүкпесіз ашық айтып тастаудан тайынбайтын, өжет көріне бастаған немересін Сәйдәлінің еркіне беріп, сыр алдырғысы келмеді Боранқұлдың. Ғ.Біл.
- Ниеті ауды.
~ Үнемі жолдас емес мына жалған, Кім еді іздегенің көңілге алған. Жікібай күйеуімнің аты болар, Қажы дер атамызды Меке барған. І.Ес.
