Ұғып алды, көкейіне қондырды, ойға түйді, ұғынды, жадында ұстады, есінен шығармады. ~ Қазақтың балалары оқып жатыр, Білімін күннен- күнге қосып жатыр. Жат мінезге әулікпей, жұртын ойлап, Ұлттың қамын көңілге тоқып жатыр. Ж.Айм. ~ Жақсы дос тарықсаң тамақ, қиналсаң пана болар», – деген- ді. Сұңғыла Оспан әке өсиетін көңілге тоқып алған. С.Ом. ~ Исатай, Махамбет жөнінде жастайымнан көкірекке жаттап, көңілге тоқыған ой– толғанысымды қағазға түсіргім келіп қолыма қалам алғанымда, бүкіл бір аймақты дүрліктірген қос тарпан — қос батыр бастаған кедейлер көтерілісінің оқиғасын жазу қиын екені, бұл жайында өзімнің әлі де өз білетінім айқын сезілді. Н.Әбу. * Осылай болса, азамат, атқа мін, милиция болу керек. Жалпы жұрт ел болайық деген нанымды көңіліне тоқыса, ел болады. Ж.Айм. * Қаламгер жайлы неше түрлі әңгімелерге жасынан қанығып, көп жайтты көңіліне тоқып өсті. Д.Рам.
