Posted in

КӨҢІЛГЕ (КӨҢІЛІНЕ) ТОҚ САНАДЫ

Жұбаныш тұтты; өзін-өзі алдарқатты. ~ «Қойдым енді. Бірдеңесі болар» деп, қолын сілтеп анасы отыр. Мән онда да емес, білек сыбанып әупірімдеп кірісіп кеткендей болса, ел іші, тума-туыс, дос-жаран бар, бір амалының табыларын Теңгебай көңілге тоқ санайды. М.Қан. ~ Сиырының биылғы бұзауымен үш қарасы бар. Аз ғана малын көптей көріп көңілге тоқ санайды. С.Ом.

КӨҢІЛІНЕ (КӨҢІЛІН) ТОҚ САНАДЫ

Қанағат етті, медеу тұтты. ~~ «Көңіл кірі айтса кетеді!» дегендей, киім тігу мен үй шаруасынан басқаны білмей өтем бе деп жүргенде осылай ашық сөйлесіп алғанын көңіліне тоқ санады. Б.Тоғ. ~ Бәріне кінәлі сол газеттегі Хибаксуяның тізімі мен теледидардан айтылған ақпарат. «Оларға ырзамын, – деп Тәкеши көңілін тоқ санады, – ертең біреуі болмаса біреуі жаманатқа ұшырап қап жүрсе… Қан тазалығын сақтау керек». Қ.Түм.