Қайран көңіл. ~ Алдыменен «отауыңды сайлап ал!»… Содан кейін көңіл шіркін жайланар. Аталардың айтқанына мән берсек, Әңгіме көп толғанар да ойланар. С.Тұрғ. ~ Жауқазын, өзінің де балғын шағы, Аңсатар, ынтық етер жар құшағы, Ел тұрса ерке тұтып, қадір сыйлап Мәлім бе көңіл шіркін қайда ұшпағы?! Ғ.Қай. ~ Бойы бей-жай боп, бір ғажап рақат күймен уәз шеккендей. Күйсандықтай ойнаған көңіл шіркін, жаңа әннің сазымен тербелгендей. С.Ғаб. ~ Айлы түн, алтыбақан қызығы, қыз-келіншектер мен бозбалалардың топтанып, қосыла шырқаған әндері, сыңғыр күлкі, шолпының сыңғыры, әткеншекте әуелете ән салып, ғашық жүректің ынтық зарын жеткізгенде көңіл шіркін мейлінше толқитыны әлі де ұмытылған жоқ. А.Жақ. ~ Көңіл, шіркін, ғажап-ау қиялдағыш, Алып кетер адамды қиянға алыс. Табиғатқа шынымен сіңіп кетсем, Қайтер екен ағайын жиі алдағыш? Н.Айт.
