Сүйеніш, тірек, демеу, қолдау болды. ~ Бірақ алда одан да киелі – үзілген достықты қайта жалғау жөніндегі Жарлысу жағасындағы келіссөздің өткелі тұрғаны ғана көңілге медеу. К.Сег. ~ Оған әттеген- ай деп бармағын шайнап қиналған Мерген жоқ, өйткені бұл тұста тон жеңіне тыға- тыға құндағы аппақ болып, “Ақшолақ” атанған қаһарлы қаруының сандық түбінде жатуы көңіліне медеу еді. К.Сег. * Жүрген жол, көрген түстеріне дейін көңілге медеу болар белгіден жұрдай. А.Сей. * Әке сөзі көңілге демеу де, медеу де болды. Алматыға тартып кеттім. Вокзалдан түсе сала бірден Барханға бардым. Ә.Нұрш. * Ай туғанын көріп Қанат қуанды. Ай — серік, көңілге медеу. Н.Сер. * Әйтеуір, тәтті үмітті көңілге медеу етіп, қос мұңдық жарыққа ұмтылған көзсіз көбелектей Әзіреті сұлтанға жетуге асыққан. А.Сей. ~ Бұл жерде ішкі сырын ақтаратын, қандай сәтсіздікке ұшыраса да көңілге медеу тұтатын, ақ сеніммен арқа сүйейтін адам жоқтың қасындай. Д.Исаб. ~ Талайдан бері жүйке жұқартқан экология азабын уақытша ұмытып, елмен бірге итініп- сұғынып тірлік кешіп жатқандарын көңілге медеу тұта ма … Қ.Жиен.
