Posted in

КӨҢІЛГЕ МҰҢ ҰЯЛАТТЫ (ҮЙІРДІ, САЛДЫ))

Қапа қылды, қайғыға салды. * Жастықтың жалыны ұрған, жарға ойнаған лақтай кезін еске алғанда, санаңды сарсаңға салып, көңілге мұң ұялай бастайтын кездері болып тұрады. Ы.Дәб. ~ Елгезек тіл алғыш Сейпеш тез қунап шынығып ширай түскен. Көңілге мұң үйірген жетімдік Сейфолланы сезімталдыққа бейімдеп, ал- ғыр да, сергек боп өсуіне ықпал етті. Ө.Кәр. ~ Жұрт назары музыкада. Көңілге мұң салатын музыка сазы Бағдаттың бар арыз, арманын айтып тұрғандай. Отырғандар терең ойда. Баяу басталған соната баяулап барып тынады. Ұзақ үнсіздік. Жұрт назары профессорда. М.Мақ.