Posted in

КӨҢІЛДІҢ КІРІН АШТЫ (ТАЗАРТТЫ, АРШЫДЫ)

Қуаныш сыйлады, кеудесіне нұр құйды. ~ Ән мен жыр ежелден ара жігі ажырамас ағайын. Біреуін өкпелетіп, екіншісін жарылқай алмайсың. Қысқасы, төрт еркек — үнсіз-тілсіз төрт төбе… Ауыз үйдегі Бибіш апаның: — Көңілдің кірін бір аштың, қарағым! — деген бейғам үні ғана көңілге демеу. М.Қаб. ~ Ой түбіне өңез болып қатып қалған мұң-шерін Ақтоты қырғышпен қырғандай қып, көңілдің кірін, қазып айтып тазартқысы бар. Т. Рыск. ~ «Жарықтық» дейтін жан шыға, Нан түссе жерге дөңгелеп, Көңілдің кірін аршыған Жарықта бар – ау, нұр бөлек. Б.Раис.