Posted in

КӨҢІЛДІҢ КӨК ДӨНЕНІ

Адамның арман-қиялы, ұшқыр ойы. * Жанарын салмай-ақ, осылай анда-санда жанынан көңілінің көк дөненін күмбір-күмбір кісінетіп өтсе де жетеді бұған… О.Бөк. * Кейде «көңілдің көк дөненін» ерттеп мініп, қызды- қыздымен ертең- ақ сол мұнтаздай жинақылықпен киінген, беттеріне аздап опа- далап жаққан, жасандылау болса да оларын білдірмеуге тырысып, миығынан күліп сөйлейтін бейтаныс құрбыларымның орнын мен алмастыратындай сезінетінмін. Қ.Жиен. * Сол ашық ажармен төбеден төнген тұп- тұнық аспанға аңтарыла қарап тұрып, тұнығы шайқалмаған көңілдің көк дөненін желікті мінезбен ерттеп қайта мінді. Н.Дәу. * Көңілдің жүйірік көк дөнені өрлі-қырлы шапқылай жөнелген… Т.Рыс.