Posted in

КӨҢІЛІНДЕ КІРБІҢ ЖОҚ (КӨҢІЛІ КІРБІҢСІЗ)

Пейілі таза, ниеті түзу, көңіл-күйі жадыраңқы. ~ Ойлағаным менің де Абыройдың қамы еді. Көңілінде құрттай кірбің жоқ, Күйеужан, саған Мақпалдың Ықыласы кеткен жан еді. “Мақпал – Сегіз”. ~ Құдай азап берем десе оп-оңай екен ғой. Әйтпесе, осы Алақай таңертең тұрғанда көңілі кірбіңсіз, шілденің аспанындай ашық еді. Ш.Мұр.

КӨҢІЛІНДЕ КІРБІҢ БАР

Әлденеге ренішті. ~ Бұл жайға Құндақбайдың зайыбы Ақтолқын мен інісі Мырзақбайдың үйіндегі келіні Нұрсұлу да куә болған. Көңілдерінде кірбің бар, әрі әлдене үшін өздерін де айыпты санағандай жүздері басыңқы… Ұ.Досп.