Жаны таза, көңілі ақ. ~ Осыны көргенде айтуға аузым бармады, Құдіретім жетпеді. Байғұстың көңілінде кіршік жоқ, барынша сенгіш, тұрған бойы нәресте. Күмәндану, күдіктену дегенді білмейді. Ш.Айт. ~ Бұл дүниенің нағыз «періштесімін», ең «әділетті жаратылысымын» дегендерге құлай сенемін деп әлденеше рет опық жеп, секем алып қалған көңілі кіршіксіз сезімін былықты «қызыққа» батырғаннан да, оңаша тартар пәк азабын артық көрді. Е.Әл.
