Риза болды, ұнатты, талабына сай болды. ~ Ал әрнерсені уайымдағыш апасының көңілінен шығу Мирланның мерейін едәуір өсіріп тастайды. Т.Нұрм. ~ Не керек, газет көтерген мəселе өрімтал оқырмандардың көңілінен шықты. Б.Қойш. ~ ” Е-е, қарағым-ай. Жасаған ие жар болсын. Қай жердің баласы едің, шырағым?” Бөрібай кемпірдің көңілдегі жерінен бір-ақ шыққысы келіп, әдейі жерін айтпай, руын айтты. ” Үйсін боламыз, шеше.” Т.Ахт. ~ Бұл шаһарларда медресе, мешіт, ханака, қархана салып, қала тұрғындарының да көңілінен шығып, көп жұртты, өздеріне қарата алған. І.Ес.
