Шындықты айтсам, айып етпе, ренжіме д.м. * Тағы бірде Ақшәйі атасына қарап, қымсына күлімсіреді: – Ата, мына балаңыз адам болмайды, көңіліңізге келмесін! – Ақпан о күні де мықтап налыды. «Көңіліңізге келмесін» дегені үшін көңіліне алды. Ж.Нәж. ~ Болмағанмен дәл қазір өзіңде мін, Болушы едің, ойлашы, кезінде кім?! Көңіліңе келмесін енді сенің Әзіл-шыны аралас сөзім менің. Қ.М.Әл. ~ Сен, әрине, Бетховен емессің, көңіліңе келмесін. Ол тас керек бола тұра музыкада теңдесі жоқ ғажайып дүние туғызды. Дегенмен, сенде де сол ғажайыптың елесі, шалығы бар сияқты. Ш.Мұр.
