Өкпеледі, ренжіді, сезіктенді, жабырқады. * Тағы бірде Ақшәйі атасына қарап, қымсына күлімсіреді: – Ата, мына балаңыз адам болмайды, көңіліңізге келмесін! – Ақпан о күні де мықтап налыды. «Көңіліңізге келмесін» дегені үшін көңіліне алды. Ж.Нәж. ~ Игі көңілмен айтылған осы тілектің өзін Оңғар Медетов көңіліне алып қалған. Н.Сер. ~ Жалпы, мысыққа көзқарас әр елде әр түрлі. Батыста алдынан мысық өтіп кеткен адам: «Жолым болмайтын болды-ау», деп көңіліне алады. Ш.Мұр.
КӨҢІЛІНЕ АЛМАДЫ
Ренжіген жоқ, өкпелемеді. ~ Ол кезде Сапаш жас, енесінің анау-мынау бастан асырған сөздерін, асқақ мінезін көңіліне алмай көтере беретін. Б.Тоғ. ~ Шал байғұс жолға түсті тағы жаяу, Көңіліне алмайды ол ешбір қаяу. Ұқтырып аманатын кету үшін Терекке әтей іздеп келді таяу. БС. “Кезбе шал”.
