Posted in

КӨҢІЛІНЕ АУЫР АЛДЫ

Өкпеледі, ренжіді, көңілі қалды. * Аршын да айтуын айтып қап, өз сөзіне өкінді. – Жаным! Көңіліңе ауыр алмашы! Өмір ғой! А.Алт. * Қорыққанынан орнынан атып тұрған Ырысқан әлгі сөзді көңіліне ауыр алып, біразға дейін жылап- сықтап, қатты бүлінген- ді. Қ.Жұм. * Қымбатты Хан ием? Менің бұл сұрағымды көңіліңізге ауыр алмаңыз. Мектепте жүргенде жағрафия пәнінен ылғи екі алатын едім. Ә.Тар. * Жаға берсең, самаурынға отын да шақ келмейді екен, – депті кемпір бір жолы азанғы шай үстінде. Оны менің жұбайым көңіліне ауыр алады. Б.Мом.