Ренжіді, көңілі қалды. ~ Валя көңіліне дық алып, ыңғайсызданып қалды да: ─ Мен саған не жазып қалдым? – деді. С.Ом. ~ Ә, солай ма еді? Енді түсінікті. Дегенмен көңілінде бір дық барын біліп едім-ау. Ал сен оның несіне ренжисің, оның несін көңіліңе дық аласың? С.Бақ. ~ Рас-өтірігін кім білсін, оны профессор Ахметовтың суқаны сүймейді десетін жұрт. Бірақ, Аманбаев кісі екен. Пендешілікпен көңіліне дық сақтаған жоқ. Т.Сәу. ~ Бұны көріп, мен бойымды тез жинап ала қойдым. Сұлтанға көңілімде дық сақтап жүрген адамдай өңімді суыққа салып: — Сен менен аулақ жүр, — дедім. Б.Соқ. ~ Жоқтан өзгені көңіліне дық алатын, күйгелек, қазымыр шалға айналып бара жатыр. Қ.Жұм. ~ Жапардың кеудесi тағы да шым еттi. «Ойында ештеме жоқ шынашақтай нәрестенiң көңiлiне өшпестей дық түстi ме екен» деп топшылап үлгердi. Ә.Ыб.
КӨҢІЛІНЕ ДЫҚ САЛДЫ
Ренжітті, көңілін қалдырды, жанын жаралады. ~ – Тілімді алсаң қой. Айтолқынның көңіліне
дық салма.. Осы бір ауылда одан көңілі қалған бір адам жоқ… Б.Қыд. ~ Тілімді алсаң қой.
Айтолқынның көңіліне дық салма. Б.Қыд. ~ Екі көзі аспанда. Жұлдызы самсаған мақпал түн
әсем қоңыр.Көңілге дық саларлықтай өзгеше құбылыс білінбейді. C.См. ~ Бүгін Абайдың
көңілін қимай сайласаңдар, ертең құтыла алмайсыңдар. Арылмас пәлеге ұшырауларың анық»,- деп көптің көңіліне дық сала сөйлейді. Ә.Кәк.
