Posted in

КӨҢІЛІНЕ ДІТ САҚТАДЫ (ТҮСТІ)

Ренжіді, көңіліне ауыр алды. ~ Бикеден бастап осы ауылдың бәрі аусар. Басқа түгі жоқ. Үйі-күйі жұртсыз. Қазығы қарасыз. Көн етікке құрым шұлғау біреу. Жетесіздің басқа ру-ұрымын тексеретін жайым болмады, – деп көңіліне діт сақтаған раймен ішін бермеді. С.См. ~ Енді әңгіменің баяулап, ашудың қожырап бара жатқанын ұққан Мәмбетнияз сырт киімін шешуге оқталды да, көңіліне әлі де діт алып кідіріп қалды. М.Әбд.