Бұйымтайын орындады, ренжіткісі келмеді. ~ Амангелді бұл сөзді Толығымен құптады. Алақанға түкірген Ер көңілін жықпады. Кейкі келіп кейпіне, Жаудан қорқып ықпады. С.Тұрғ. ~ …ендігі жерде ол тек өзін ғана кінәлады, сондықтан да Бергеннің көңілін жықпауға тырысатын… Ә.Тар. ~ Бірақ, не бәлесінің бар екенін білмейді, одан кәдімгідей қаймығады. Көңілін жықса, албастысы басып кететіндей көреді. Т.Әл. ~ Елдің тізгінін ұстағанына елірмейтін, қайта сол елдің іргесін қымтағысы келетін білікті, саналы, білімді кісі деп естіген соң, көңілін жықпай барған. Қ.Тол.
