Posted in

КӨҢІЛІН ЖҰБАТТЫ

Сабырға шақырды, басу айтып, уатты. ~ Жұртымнан айналайын! Біреуі бала болып, біреуі іні болып көңілімді жұбатумен келеді,– деп Сәрсекең өз күйін бірсүре әңгіме қылып өтті. Б.Майл. ~ Бар қолымнан келгені, сонау жалғызынан айрылып сорлап қалған асыл анаға барып, қайғысына ортақтастығымды айттым. Көңілін жұбаттым. С.Бег. ~ — Ә, ол не екен, ә? — деп өзінен өзі сұрады. Сонан соң: — Көзіме елестеген болар. Қорыққанға қос көрінеді, мен де бір үріккен жанмын ғой, — деп көңілін жұбатты. К.Жүн. ~ Тек бір өзі үшін, екеуінің арасындағы ғашықтық үшін ол құмарынан ақыры қайтып, сүйген ермегі мен қызығынан безгені, бүгін рингіде ақтық рет ұрысқалы тұрғаны есіне түсіп, көңілін жұбатты. Дж.Лонд.