Ренжітті, жанына қаяу салды. ~ Аспанды тұтас торлаған сұсты бұлт, екілене соққан суық жел көңілімізді жүдетіп жіберді. М.Әбдіх. ~ “Әулие атамыздың бейіті күндік жерден көрінетін, аман тұр ма?”- деген шеше сауалына Есей: “Ептеп сыр беріп, бір бұрышына сызат түсіпті”, – дей салды. Көрінеу өтірік айтты. Онысы – шешесінің көңілін жүдетпейін дегені. Ө.Кәр.
