Жанын жадыратты, қабағын ашты. ~ Таныс жерлер бір сәт оның көңілін сергіткендей де еді. Т.Нұрм. ~ Табан асты бұртия қалған қыздың көңілін сергіткісі келіп тағы да: – Жә, өкпелемеңіз, қалжыңдаймын. Айтпақшы, жүріңізші, өзіңіз ұнатпаған Үшаралдың таңдайда еритін тәтті қауынымен сыйлайын. Дәмін татыңыз. Ж.Шағ.
