Posted in

КӨҢІЛІН СЕРПІЛТТІ

Қуантты, көңілін көтерді. ~ Алтыншашты екі-ақ рет көрген. Бірақ көз алдында пайда болған сурет қараңғы меңіреу түнде адасып жүрген шағында көрінген от тәрізді көңілін серпілтіп тастады. Т.Ахт. ~ Енді міне не Дан, не Інжу жоқ, ішін күдік пен нала қаузап, Мақсаттың көтеріп келген гитарасына қосылып, ән айтып, көңілін серпілтіп отырған. АҚ “Дара сезім”.