Posted in

КӨҢІЛІ АЛАҒЫЗЫДЫ (АЛАҒЫЗДЫ, АЛАҚЫЗДЫ)

Әлденеге алаңдап, тынышсызданды, мазасы болмады. * Ұйықтап қаламын ба деп, өзін- өзі алдарқалап, жаздың ашық аспанын қызықтап, көңілі алағызып, жүрегі дүркін- дүркін елеуреп, байыз таба алмаған. Т.Рыск. ~ …Екеуi нөмiрде сүт қатқан қою шайды iштi дерсiң. Жапардың да хатты алғаннан берi маңдайы жiпсiп, шай iшкенi осы. Әйтпесе, көңiлi алағызып, ештеме жүрмей қойған. Ә.Ыб. ~ Сол күні Нутоның көңілі алағызып тұрған, сондықтан оған “иә”, “жоқ” деп жауап берумен ғана тынды. К.Паус. ~ Сонда да байлық буы бас игізбей, Көңілге алағызған басу іздей. Өздерін алдарқатты: «Әуейге бір, Үй тіккен бар ма аңғал – деп, – осы біздей…» К.Мырз. Қобалжыды, жүрегі алабұрта берді. * Көрмегелі көп болып дала — қызды, Көңіл бірдей желпініп алақызды. Көздер бар ғой отырар төне түсіп, Ұмытып ойнап жүрген балаңызды. М.Айтқ. * Күніне бір көрмесем көңілім алақызып, қоңылтақсып тұратын болдым. Ж.Сәм. * Оларға айтарын айтса да, алақызған көңілі орнығып отыруға мұрша бермеді. Ж.Шәк.