Posted in

КӨҢІЛІ АЛАБҰРТТЫ

Әлденеге қобалжыды, мазасы кетті. * Қызылсыраған қырандай көңілі алабұртып, сиқырлы түннің сыйын тағатсыздана күткен. Т.Сәу. * Әйтсе де көңілім алабұртып, бір нәрсені сезгендеймін. М.Сүн. * Бұрын-соңды ер-азаматтан мұндай айырықша ықылас көрмеген қыздың көңілі алабұртып, ерекше бір күйге бөленіп жүрді. С.Досж. * Совхоз орталығына екі-үш қонғаннан кейін-ақ жігіттің іші пыса бастайды. Көңілі алабұртып, қайтқысы келеді. С.Ас. * Ол сәтте ондай ойлауға шама қайда. Қызылсыраған қырандай көңілі алабұртып, сиқырлы түннің сыйын тағатсыздана күткен. Т.Сәу. * Эльвирадан айрылғанына мұның онша қабырғасы қайысқан жоқ. Әуелгі күндері көңілі алабұртып, қоңылтақсып жүрді де, тез ұмытып кетті. Т.Сәу. ~ Үміт пен күдік аралас көңілі алабұртып, айналаға жалтақ-жалтақ қарап, “иә, Құдайым, нәсіп ете гөр!” деп жалбарынады. Т.Сәу.