Posted in

КӨҢІЛІ АЛА ҚҰЙЫН (АЛА ҚҰЙЫНДАЙ)

Жаны маза таппай, көңілі алабұртып, астан-кестен күй кешті. * Үшбұрыштап иығына бос тастай салған жеңіл ақ түбіт шәлінің ұштарын шымши ұстап, білектерін айқастырған күйі көңілі ала құйын тыпыршып тұрғаны. Т.Сәу. * Көңілі ала құйындай ұйытқып, іштегі жалын да жүрегін лүпілдетін барады; әлдеқайдағы жылан-құрт қайта қозғандай, аласұрып жатыр. М.Сүн.